МЕНШІК

lat: MENSHİK

Меншік катынастарының нақты тұрпатын бейнелейтін белгілі бір тарихи жағдайларда өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдерінің белгілі бір тұлғаларға жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілілігі. Меншік құқығы нақты субъектілердің белгілі бір объектілерге (мүлікке) құқығы ретінде, әдетте, үш құқықтық құзыретке саяды, олар: мүлікті иелену құқығы, пайдалану құқығы және мүлікке билік ету құқығы. Бұл кұқықтық құзыреттер өзара тығыз байланысқан және тек кешенді түрде ғана меншік құқығының заңи мазмұнын құрайды. Меншік адамдар арасындағы меншік объектілерінің тиесілілігі, оларды бөлісу, табыстау жөніндегі экономикалық қатынастарда. Меншік мынадай түрлерге бөлінеді: мемлекеттік меншік, азаматтың меншігі (өзіндік меншік), ұжымдық меншік (бірлестіктер мен ұйымдардың меншігі), муниципалдық (жергілікті), жеке меншік.