МЕНШІК

lat: MENSHİK

зат. 1. Біреудің иелігіндегі нәрсе, зат, мүлік, жер .

Үйлер мен пәтерлердің меншікке тапсырылуы олардың күтімін де жақсарта түскенін айтуымыз керек («Егемен Қазақстан»). Еріксізден ойды бұрып, жауын алған жанардың Мынау заңғар сән сарайлар меншігінде солардың.Шаханов, Ғасырлар.). Жер, су бәрі колхоз меншігі саналып, Жылқыбайға аяқ басар жер қалмай бара жатты.Соқпақбаев, Бастан кеш.). 2. э к о н. Жеке адамдарға немесе ұйымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат. Меншік құқық нормаларын орнықтырып, жетілдіру арқылы қорғалады (ҚҰЭ).