МЕНШІК

lat: MENSHİK

зат. Біреудің иелігіндегі нәрсе (зат).

Бақытсыз әрі тым өжет, шаңырағы түскен үй.

Әрі ару, әрі үрей осы бір үй қаусаған,

Әрі жанның тұрағы, әрі өзі жан соған.

Меншігі емес ешкімнің, жұрттың бәрі қашқан үй (3,308).


Әйел қауымының меншігіне тиген тіршіліктенін өзара бөліспей-ақ, кез келгені атқарып жүре беретін (4,145).