lat: MENSHİKTE
ет. Иелік ету, өзіне тән ету, иелену .
Қазір де Ыбырай сол айтқанын істей, өзге екі жақтағы топтың ешқайсысына тимеген ең жайлы орынды меншіктеп алып, соған нық бекініп отыр (М.Әуезоз, Қилы заман). – Менікі деп иемденген жұлдызға басқа біреулердің де көз алартып, жіп байлап жүруі мүмкін, әйткенмен «өзімдікі» деп меншіктеген бір жұлдызымның бар екені рас (С.Еркебаев, Жолдар.). – Өнер адамы өзімшіл болады, жақсы атаулыны м е н ш і к т е г і с і келеді де тұрады, – деп, Жұмабек те күледі (Т.Ахтанов, Дала сыры)