МЕНТАЛИТЕТ

lat: MENTALITET

зат. Ұлтқа тән ойлау жүйесі. Олар дәлел ретінде экономиканы, менталитетті және саяси жүйенің ерекшелігін алға тартты («Жас Алаш»). Қазір әлемде қауымдасу, одақтасу Еуропалық, Ислам конференциясы ұйымы және т.т. процесі жүріп жатыр. Егер біз түбі бір, тегі бір, менталитетті де аса жақын, мұңдас, мүдделес түркі халықтары өзара жақындаса, одақтаса алмасақ, өзге халықтармен қалай одақтаспақшымыз? («Жас Алаш»).