lat: MERÝERT
ир.зат.1. Әсемдікке, сәндікке қолданылатын қымбат бағалы асыл тас.
Табиғатта сирек кездесетін ақшыл сары түсті асыл тас – меруертті іздеушілер теңіздің түбінен тереді (I.Омаров, Серпін). Қолында толған өңшең алтын жүзік, Зүмруд, березелі бар білезік. Үстінде камзол ішік тысы қамқа, Меруерт омырауы қойған тізіп (А.Байтұрсынов, Шығ.). Мінсіз таза меруерт Су түбінде жатады, Мінсіз таза асыл сөз Ой түбінде жатады (А.Байтұрсынов, Шығ.).
2.биол. Қосжақтаулы ұлулардың (моллюскілердің), негізінен інжу моллюскісінің бақалшағындағы шар тәрізді немесе бұрыс нысанды түзінді.
Меруерт моллюскінің мантия қуысы мен бақалшағы аралығына түскен бөгде заттан түзіледі, ақ, қызғылт, сарғыш, кейде қара түсті болады (Қаз. тілі термин. Биология).