lat: MEREKE
зат. Салтанатты күн, мейрам.
Бақытты ағаңды мереке сайын қонаққа шақырып тұр (Ғ.Қабышев, Мінездеме). Былтыр Бірінші Май мерекесін екі колхоз бірігіп тойлау үшін арбамен ұбап-шұбап осында келгенбіз (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.). Үш жыл бойына, мен оқуды бітіретін биылға дейін бір де бір үлкен мерекені бөлек қарсы алып көрген емеспін (Б.Бодаубаев, Желсіз түн.).