МЕРЕЗ

lat: MEREZ

зат.мед. Дене жасушасын іріп-шірітетін жұқпалы аурудың аса қауіпті түрі .

Оба, шешек, чума, бөртпе және іш сүзек, дифтерия, туберкулез, мерез, безгек сияқты жұқпалы аурулар миллиондаған адамдарға қырғидай тиді.Сұлтанов, Аурулар.). Мұқаш қалжыңы жоқ. Елге мерез, құлғана сықылды жұқпалы аурулардың осынша көп тарау себебі солардан емес пе.Дулатов, Шығ.). Мерез негізінен жыныстық қатынас жолымен жұғады («Денсаулық»). Жақындаса, мерезі жоқ қой жұғатын... деген Гүлжан дауысы да қатқыл шықты.Дүйсенов, Гүлжан.). // Арам, қараниет, жалмап-жұқтаушы. Iшінде жылан жатса да, бала жылап жатса да сездірмейтін мерез адам сыңайлас (Бәйшешек). Ажал арбасынан түсіріп алып қалатын қауқар жоқ, мезгілсіз келген мерез ажалдың айға шапқан арыстанды да опат ететіні рас.Бөкеев, Қайдасың.).