МЕРЕЗ

lat: MEREZ

(ар. мерез مرض) жұқпалы жаман ауру.

Белгілі науқас емес, ем істейтін, Сүйегімен кететін бұл бір мерез («Жаман әйел туралы». М.Жүсіп, І-том, 2003).

Бойымда мерезім жоқ жұғатұғын, Не болды, сұлу сізге мұнша қашып («Гүлкәшимә». Дастандар, 1960).