МЕРГЕЛЬ

lat: MERGEL

з а т. г е о л.ем. Mergel> Кальциттен немесе даломиттен, сазды минералдан тұратын шөгінді тау жынысы.

Мергель сазды және карбонатты жыныстармен кезектескен қабат түрінде кездеседі әрі барлық геологиялық жүйелер жыныстарында байқалады (ҚСЭ). Мергель цементтелген, тас тәрізді тығыз келеді, қаттылығы орташа, түсі ақ, ашық сұр, сарғылт, жасыл, қара сұр, қоңыр, қызғылт, кейде шұбар болады (ҚСЭ).