МЕРИДИАН

lat: MERIDIAN

[лат. meridianus] зат.геогр. Жер шарының полюстері арқылы экваторды тура көлденең кесіп өтетін сызық.

1790 жылдан бастап негізгі, тұрақты өлшем ретінде жер меридианының бір бөлігі алынды (К.Әбдіғапаров, Қызық. физ.). Екі 90° полюстерде барлық ойша жүргізілген географиялық меридиандар түйісіп, нүктеге айналады (Н.Баяндин, Геогр. ашу.). Жер меридиандары дөңгелек емес, эллипске жуық (X.Әбішұлы, Халық астрон.).