МЕРКУРИЙ

lat: MERKÝRII

зат.астр. Күнге ең жақын және Күн жүйесіндегі үлкен ғаламшарлардың ішіндегі ең кішісі.

Осы кезде тоғыз ірі планета ( Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон) және 1600-ден аса кіші планеталар бар екені мәлім (X.Әбішұлы, Халық астрон.). Меркурийдің жарықтығы Шолпандікінен анағұрлым кем болғандықтан, ел оны «кіші Шолпан» дейді. Өзінің құрамы және табиғаты жағынан Меркурий Айға ұқсас (X.Әбішұлы, Халық астрон.).