lat: MERT
(пар. мурдан مردن) – жазым болу, аяқ асты өлу.
Ағаштан биік мерт тауып, Қорлықпенен өлген ер! («Ер Тарғын». Ақсауыт. І-том. 1977).
Ерлікпенен Қабанбай,“Біреуі мерт қып кетед” деп, Шағалақты қасына ап, Қыз күзетіп қалыпты («Қаракерей Қабанбай батырдың әңгімесі». Бабалар сөзі. 58-том. 2010. 100 томдық).
Сұрасаң менің атым – Төлек Жәуке, Мерт болдың арыстандай шауып айға («Қарға батыр». Бабалар сөзі. 22-том. 2005. 100 томдық).
Мертілу – жарымжан болу, ауыр жаралану.
Тастап кетті жұртына, Бір мертілген бел үшін («Ер Тарғын». Ақсауыт. І-том. 1977).
Ол жығылса, мертілсе ел-жұрты бар, Менде жоқ, жазым болсам жанға серік («Талайлы мен Әйім қыз». Бабалар сөзі. 22-том. 2005. 100 томдық).
Бір омыртқам мертіліп , Жалғыздығым білінді! («Ер Тарғын». Ақсауыт. І-том. 1977).
Өміріне мерт – өміріне қауіп.
Баянның сұлулығы – Қодарға дерт, Қодар дерті – Баянның өміріне мерт («Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (М.Нукин нұсқасы).Бабалар сөзі. 55-том. 2009. 100 томдық).