1960-жылдардан бастау алатын сәулет өнеріндегі және қала құрылысындағы бағыт (жапон сәулетшілері Кензо Танге, Кийонори Кикутаке және т.б.). Қазіргі заманғы қалалар дағдарысын еңсеруге тырысқан метоболизм адамдарды жайластыру, сондай-ақ сәулеттік ансамбльдер мен құрылыстар ретіндегі динамикалық өзгеру, табиғи өсу қағидаттарын, ұзақмерзімдік құрылымдардың қысқамерзімдік ауыстырылатын элементтермен үйлесімді бірігуін ұсынады («жүзіп бара жатқан қала», «қала-мұнара», «капсулалық үй» жобалары).