lat: METALDYQ
сын. Металға тән, соған қатысты .
Кристалл түйіндеріндегі ионатомдардың өзара байланысы металдық байланыс деп аталады (Қ.Нұрымбетов, Металдар).Металдық байланыс қатты және сұйық күйдегі металдарға тән (Қ.Нұрымбетов, Металдар). Сондай-ақ силанды өндіруде Өскемен титан-магний комбинатында металдық магниймен бірге шығарылатын ферросилиция да өте тиімді («Егемен Қазақстан»).