lat: METALTANÝ
зат. Металдың құрамы, құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланысты, сондай-ақ әртүрлі сыртқы әсер кезінде олардың өзгерістерін зерттейтін ғылым саласы.
Металтанудың құрамдас бөлігі – металграфия (Кен ісі). Металтанудың негізгі практикалық міндеті – қажет қасиеттерге жету үшін қорытпалардың оңтайлы құрамы мен өңделуі жолдарын табу (Қаз. тілі термин. Кен.).