МЕТАН

lat: METAN

зат.хим. Сазды жердің түссіз, иіссіз газы, көміртегі мен сутегінің қосылуынан пайда болған химиялық қоспа. Ең төменгі сатыдағы көмір, сутегінің қосындысы метан болып саналады (М.Маташев, Қара алтын.).

Көміртегінің төрт атомы сутегінің бір атомы мен қосылып, метан деген химиялық қоспа пайда болады (З.Ақназаров, Ғылыми атеизм.). Метан түссіз және иіссіз газ, суда өте аз ериді (Органикалық химия). Табиғи газ құрамындағы метанды отын ретінде пайдаланады (Химия).