lat: MEZGİL
зат. 1. Күннің, айдың, жылдың белгілі бір кезеңіне сай келетін кез, уақыт, мерзім.
Көп ұзамай, жылдағы мезгілінде жәрмеңке ашылды (I.Жансүгіров, Шығ.). Түн ортасы ауған мезгілі (Ж.Алтайбаев, Ұят-ай!). Айнала жым-жырт. Таң ағарып атып қалған мезгіл (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.). Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық! Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық! Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан, Жалыналық Абайға, жүр, баралық (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
2. Құжаттың құрастырылған, қол қойылған, күшіне енген мерзімін көрсететін күні, айы, жылы.