lat: MEZGİL
зат. Белгілі бір істің (оқиғаның) мерзімі, уақыты .
Осы мезгіл , осы шақ, осы уақта,
Отырушы ек осылай осы бақта.
Артымызда қап қойған албырт жастық,
Ой, тоба! Әлі күнге шошымапты, ә? (1,304).
Жатыр дала. Жабықпайды, кейімейді күрсініп,
Жыл он екі ай төрт мезгіл бір кіреді, бір шығып.
Жатыр дала шалқасынан, жалаңаштап кеудесін,
Кеудесінде ұланғайыр қыбыр-қыбыр тіршілік (2,261).