МЕЗГІЛДІ

lat: MEZGİLDİ

сын. Мерзімді, белгілі мөлшерлі.

Алматыға емтихан тапсыруға кеткен Тұрсын мезгілді күнінде Қарақыстаққа оралмады (Ж.Жұмақанов, Үш бәйтерек). Соларға сыйлаңдар гүлдерді. Мезгілді сәтінен құр қалмай. Қуансын азамат жүрегі, Көктемді құшақтап тұрғандай (Т.Молдағалиев, Ескерткіш). Мезгілді уақыт болғанда, Опасыз мынау жалғанда, қасыңда тұрар жан бар ма? (Махамбет, Шығ.).