lat: MEZON
зат.хим. Тұрақсыз-элементар бөлшегінің тобы.
Мезондардың массасы электрон мен протон массасының аралығында болады (Химия). Мезон ядролық реакцияларда жоғары энергия бөлшектері әсерінен түзіледі; ядролық күштердің негізгі тасымалдаушылары болып келеді (Қаз. тілі термин. Химия). Мезон атауы (грек. mesos – орташа, аралық) – бірінші ашылған – пимезон мен К-мезон массаларының мәндері протон массасы мен электрон массасы аралығындағы мәнге ие болуына байланысты қойылған (ҚҰЭ).