МИ

lat: MI

з а т.ат. encerphalon> 1. биол. Ағзадағы барлық мүшелер жүйелерінде жүретін үдерістерді үйлестіруші, реттеуші және басқарушы жүйке жүйесінің ең басты мүшесі.

Бас сүйектің ми бөлігінің ішінде м и жататын қуыс болады (Адам анатом.). Адам миының салмағы бір килограмм 400 грамға дейін барады (М.Қайрақбаев, Ескерм. ауру.).

2. ауыс. Ақыл, ой, сана .

Айсұлу саған басқа м и салады, басқа көз бітіреді. Адамбеков, Көсе.): Ми деген бейне бір түпсіз терең теңіз ғой.Иманжанов, Адам.). Бұл жас ұйым, жаңа жиын Жастың миын молайтар, Бірлік ұран, бірлік қоғам, Бір жас ұлан соны айтар (Қаз. сов. әндері).