lat: MI
зат. Батпақты, балшықты жер, ұйық, тартпа.
Тай-құлындар мида қалып жатыр. Түс ауған мезгілде, мидың шетіне Кенесары шықты. Кенесары өз бетімен қашпайды, алдына екі кісі, артынан екі кісі, екі жағынан саргардер батырлар жүрді («Жұлдыз»). Екі түйенің біреуі миға түсіп, үйелеп өліп қалды (С.Бегалин, Замана.). Тайлақ миға, батпаққа жығылып өледі (С.Сейфуллин, Шығ.).