МИФ

lat: MIF

[грек. mythos]зат.1. Ежелгі дүниенің шығуы, табиғат құбылыстары, батырлар туралы ертегі-аңыз.

Адам баласының табиғат күштерімен күресін көрсететін әңгіме-ертегілерді миф деп атайды екен (А.Машанов, Жер асты.). Мифтердің рәміздік мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны түсініп, игере бастаған («Қаз. әдеб.»). Қазақ арасында сақталған мифтерде көшпелі өмір салтына негізделген көріністердің жалпы дүниеге, аспан денелерінің қасиеттері мен қимыл-қозғалысына да телінетіні табиғи жағдай (Қаз. мифтік әңгім.).

2. Ойдан шығарылған, жалған, қиял-ертегі.

Мифте шын болған тарихи оқиғамен қоса қиял-ертегіге негізделген жәйттер де кездеседі (Педагогика). Миф өзі пайда болған дәуірдің дүниетүсінуін бейнелейді, ол адамзаттың рухани мәдениетінің алғашқы бітімі (Мәдени-филос. энц. сөзд.).