(латынша migratio – қоныс аудару ,) – тұрғылықты мекенін өзгерту мақсатында мемлекеттік шекараларды кесіп өтетін тұлға (қар. Көші-қон, Этностық көші-қон). Адамдардың аумақтарда орын ауыстыру үдерісіне қосылып кетуіне мəжбүрлейтін я түрткі болатын себептер əр түрлі. Мұндай себептер ретінде түрлі құбылыстар мен факторлар ықпал етуі мүмкін. Əдетте, миграцияның негізгі себептері: əлеуметтік-экономикалық (жұмыс орындарын, өзін іске асыру мүмкіндіктері, білім алу, некеге отыру жəне т.с.с.); саяси (саяси себептермен қуғынға ұшырау, саяси наразылық, өз саяси көзқарастары мен ұстанымдарын таратуға талпыну); этностық (этнос араздығы, этностық белгілеріне қарай қысым көру жəне қуғынға ұшырау, этносына қайта қосылуға ұмтылу); діни (діни төзбеушілік пен алауыздық, діни тəуап ету); əскери (белгілі бір аумақтағы əскери əрекеттер жəне адамдардың сол əрекет салдарларынан құтылу ниеті); экологиялық (өңірдің жайсыз табиғи жағдайлары, экологиялық апаттар жəне т.с.с.) себептер (қар.Иммиграция, Миграция).