(лат. migratio – қоныс аудару + грек. φόβοσ – қорқыныш , ) – Мигранттардан қорқу немесе оларды жек көру, оларды бөтен жəне түсініксіз адамдар, сондықтан қауіпті жəне дұшпан деп қабылдау (қар. Миграция, Этностық миграция, Мигрант). Этностық сəйкестену теориясы бойынша, əлеуметтік құбылыс ретінде Мигрантофобия индивидтердің бір этностық топқа қатысты болуға ұмтылуының нəтижесінен пайда болады, өйткені индивид өзін сол топпен теңдестіреді, сол топтың арқасында соның өкілі ретінде өзін əлеуметтік, экономикалық жəне психологиялық жағынан қорғай алатынын біледі.Мигрантофобия пайда болуында терең психологиялық негіз бар: Мигрантофобия адам санасында Мигрантқа қатысты интолерантты толқыныстар мен реакциялар тудырады, өйткені индивидтер мұндайда бейбіт өмірге қауіп төнетінін, ортаны игеруге қабілетсіздігін ойлайды, сондай-ақ қалаған мақсатына я көкейтесті қажеттілігіне жетер жолда еңсерілмес кедергіге тап болғандай күйзелісті (фрустрация) бастан кешеді. Мигрантофобия этносаралық шиеленістің, этностық төзімсіздік пен даулардың өршуіне себеп болады. Мигрантофобия жағымсыз салдары тек жайсыздық, қауіп пен үрейдің жасырын сезімдерін сезетін жергілікті тұрғындар арасында ғана емес, Мигрантофобия жағдайында дұрыстап бейімделе алмайтын жəне əлеуметтік маңызды, толыққанды азаматтар бола алмайтын Мигранттардың арасында да болады. Сондықтан Мигрантофобияның қалыптасуы мен көрінуіне əсер ететін факторларды төмендетудің этносаралық қатынастарды тұрақтандыру үшін, жалпы қоғам үшін маңызы зор (қар. Көші-қон /Миграция/).