lat: MIKROKLIMAT
[грек. micros] з а т. Көлемі шектелген, шағын аймаққа лайық ауа райы .
Егістік жерді таңдауда, құрылыс салу кезінде микроклиматты ескереді («Зерде»). Личинкалардың сақталу мерзімі микроклимат жағдайына сәйкес үш айдан бір жылға дейін созылады (Малға ауру тарат.). Теплица ішінде микроклимат жасауда күннің радиация сәулелері маңызды орын алады (Помидор).