МИКРОСКОП

lat: MIKROSKOP

[грек. мikros ұсақ, skopeo көремін] зат.тех. Жай көзге көрінбейтін нәрселерді үлкейтіп көрсету үшін қолданылатын оптикалық аспап.

Шығып жатқан алмастардың мөлшерін арнайы электрондық микроскоп бақылап тұрады (Н.Нұрахметов, Синтетика.). Егер бактерияларды микроскоп арқылы қарасаң, оның формасының таяқша тәрізді екенін айқын көреміз (Ж.Сұлтанов, Аурулар.). Вирустар өте ұсақ электронды болмаса, жай микроскоппен көре алмайсың (Ж.Әбиев, Биология).