МИКСТУРА

lat: MIKSTÝRA

зат.мед. Емдік қасиеттері бар заттардың қоспасынан тұратын сұйық дәрі.

Бронх демікпесі кезінде қолданылатын И.И. Трасковтың микстурасы демікпенің аса асқынбаған кезінде тәуір әсер ететіні байқалады (Б.Айтқожина, Бронх. демiкпе.). Дәрінің ішуге ғана арналған түрлері сұйық (тамшы, микстура, эмульсия, қосынды), порошок, капсула, таблетка, драже, пилюла, өсімдік қосындысы (С.Сұбханбердин. Дәрі дауа.).