МИМОЗА

lat: MIMOZA

[грек. mimos] зат.өс. 1. Табиғат құбылысының, ортаның өзгеруіне байланысты түрін өзгертіп, құбылып тұратын өсімдік.

Мимозаға бір нәрсе тиіп кетсе, қараңғы үйге немесе температурасы жоғарырақ жерге апарса, оның жапырақтары дереу бүктетіліп, солып қалғандай болады (Жалпы биология). Мимозаның ағаш, шырмауық, көпжылдық шөп түрінде кездесетін түрлері де бар (Ботаника.).

2.ауыс. Сызып кетсе өкпелеп қалатын, шыбық тимес шыңқ етер адам .

Өкпелегіш болғанда нағыз мимозаның өзі («Қаз. әдеб.»).