МИНУТ

lat: MINÝT

[лат. minutus]зат. Алпыс секундқа тең уақыт өлшемі, мөлшері.

Мүмкіндігіңіз болса, бірер минутқа қабылдасаң екен (Қ.Қайсенов, Сол бір.). Жігіттікке жетелеген Секунд, минут, сағат деген Жаралыс бұл солай деген, Балалықты ұрлаған (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Санаудың алпыстық жүйесі қазірдің өзінде астрономияда уақыт өлшеу ісіне (бір сағатта алпыс минут, бір минутта алпыс секунд деген сияқты) пайдаланып келеді (А.Көбесов, Сөнбес. жұлдыз.).