lat: MINA
[франц. mine]зат.әск. 1. Жарылған жеріндегі нәрселерді талқандап, қопарып тастайтын жарылғыш соғыс қаруы . Берденке, бомба, мина, зеңбіректер, пистолет, револьвер, браунингтер һәммесі бұл уақытта болды тамам, Қылатын жауға қару не керектер (М.Дулатов, Шығ.). Өле алмай жүрсіңдер ме? Алдарың – мина алаңы (К.Тоқаев, Көмескі із).
2. Минаатар және зеңбіректен атылатын оқ-дәрі.
Жаудың бір минасы түсе қалса, барлық оғымыз жоқ болады (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.).