МИНА

lat: MINA

жер үсті және теңіз бөгеттерін жасауға, сондай-ақ минометтен атуға арналған оқ-дәрі түрі. Осыған сәйкес мина инженерлік, теңіз және артиллериялық болып бөлінеді. Инженерлік мина жарылысқа төзімді, жай жарылатын, қысыммен іс-қимыл жасайтын, тартылып іс-қимыл жасайтын, алынбайтын, зиянсызданбайтын, нысандық, жарқыншақты, десантқа қарсы, жаяу әскерге қарсы, танкілерге қарсы, көлікке қарсы, ағызылатын, басқарылатын, фугастық және т.б.; теңіз мина авиациялық, акустикалық, антенналық, жетекке алынатын, гальваникалық соққылық, гидродинамикалық, түптік, ауытқитын, индукциялық, түйісетін, магниттік, түйіспейтін, жүзетін, қайыққа қарсы және т.б. бөлінеді; артиллериялық мина негізгі (жарқыншақты, жарқыншақты-фугастық, фугастық, тұтанатын-кумулятивтік, кассеталық, химиялық және т.б.), арнайы (жарық беретін, түтіндейтін және т.б.) және қосалқы (оқу, сынақтық және т.б.) бөлінеді.