топырақтағы, қардағы және су астындағы минаны табуға арналған аспап. Минаның мына түрлері мәлім: индукциялық мина, олар минаның ферромагниттік бөлшектеріне ден қояды және металдан жасалғандарды, сондай-ақ металл емес те миналарды табатын радиожиілікті мина іздеуші; жылжымалы және кіріктірілген, аспалы жабдық ретінде құрастырылған, мысалы, автокөліктің бамперінде орнатылған. Жарылуға қауіпті құрылғыларды іздестіру құралдарына мыналар жатады: өте сезімтал газ анализаторлардың көмегімен табатын жарылған затты іздегіштер, уақыт өлшейтін тетіктің жүрісін тыңдауға арналған электрондық стетоскоптар, оптикалық – электрондық аспаптар және т.б.