lat: MINERAL
[лат. minera]зат.геол. Химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрақты, жер қыртысында өтетін физикалық-химиялық процестердің нәтижесінде пайда болатын табиғи химиялық қосылыс.
Суының құрамы түрлі минералдарға бай бұлақтар ағып жатады (А.Бекбосынов, Ауылым.). Минерал дегеніміз химиялық элементтердің адамның қатысуынсыз табиғи түрде өзара қосылуы (А.Мырзабаев, Хим. қызығы). Тау жыныстарын құрайтын заттарды минерал деп атайды (А.Машанов, Жер асты.). Қазіргі таңда табиғатта зерттелген минерал түрлері екі жарым мыңға жуықтады (Химия). Keйбip ғaлымдap минералдар caнaтынa тек қaнa қaтты зaттapды жaтқызca, eкiншiлepi oлapдың cұйық нeмece газ күйiндe болу мүмкiндiгiн дe жoққa шығapмaйды, aлaйдa минералдарға тек қaнa қaтты зaттapды жaтқызy opынды (Қаз. тілі термин. Геология).