lat: MINIMÝM
[лат. minimum] зат. 1. Ең кіші шама, ең аз сан, мөлшер.
Екі толқынның максимумдары да, минимумдары да бір-біріне дәл келген (А.Қалығұлов, Жарық.). Минимум – мөлшердің ең азы, бірдеменің ең кішкентайы (Саяси сөздік).//Кем дегенде, ең аз дегенде. Бұл жұмысты ойдағыдай орындап шығу үшін минимум бір апта уақыт керек («Жас Алаш»).
2. Белгілі бір сала, мақсат т.с.с. үшін қажетті құрал, білім, шаралар жиынтығы.
Алдағы бағдарлама сәтті іске асуы үшін күнкөріс минимумы, агрономиялық және зоотехникалық минимум анықталады («Егемен Қазақстан»).