МИНИСТР

lat: MINISTR

[франц. ministre] з а т. Мемлекеттік басқару ісінің белгілі бір саласына басшылық етіп отырған лауазым иесі, үкімет мүшесі.

Министр мемлекеттік басқарудың белгілі бір саласының, министрліктің басында отырған жоғары қызмет бабындағы адам (Саяси сөздік). Одақтас, ниеттес елдің министрі Москваға келудің өзін көз жұмған тәуекел, жүрек жұтқан ерлікке балады (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн). Кеше Каирде осы аймақтағы елдердің Сыртқы істер министрлері бас қосып, екі ел шиеленісінің жайын талқыламақ еді («Егемен Қазақстан»).