МИНИСТРЛІК

lat: MINISTRLİK

зат.саяси. Белгілі бір салаға басшылық көрсетуде министр басқарып отырған мекеме . Қазақстан Республикасының Үкіметі министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды (ҚР Конституциясы). И.Байрамов СССР Халық шаруашылығы министрлігінің Құрмет Грамотасымен наградталды (Жүлдегерлер). Алматыдағы министрлігіміз біздерді семинарға шақыра қалды, бардым. Аманшин, Жар мұңы). Шетелдік қазақтарға арналған дайындық бөлімдері де осы м и н и с т р л і к қарауында («Қаз. әдеб.»).