lat: MISK, MÁSİK, MASKI, MÚSKİ, MÚSHKİ ( mısk
(ар.) مسك , мушк (пар.) مشك) – бірқатар жануарлардың ұрық безінен шығатын хош иісті зат, мускус.
Ол басқа миск ғанбари шашты дәрі, Мұны естіп ол қатын қылды зары («Қисса уақиға Кербала үшбу-дүр». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).
Бойың зипа, миск жұпар шашыңыз бар, Мұхиттың гауһарындай басыңыз бар («Қисса хазірет Жүсіп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесі». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).
Тастары лағыл, жауһар, маржан ерді, Шоқылары зағыпыран миск ислі ерді («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).
Ғарызым есіт маһ ануар, Жүклер едім мәсік уа ғанбар («Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек». Бабалар сөзі. 47-том. 2008. 100 томдық).
Ғарызым есіт маһ ануар, Жүклер едім мәсік уа ғанбар («Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек». Бабалар сөзі. 47-том. 2008. 100 томдық).
Бірі – алтын кірпішінің, бірі – күміс, Балшығын маски ғанбер қосып түйіп («Сегіз жұмақ, төрт періште баяны». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).
Қарасам, мүскі жұпар иісі бар, Кім көрсе ақылын танар, биһұш болар («Қисса Шаһ Ғаббас ұғлы Иранғайып». Бабалар сөзі. 9-том. 2004. 100 томдық).
Жаннаттың мүсініндей жігіттері, һауасы мүшкі , ғанбар нышанында («Әбуғалисина, Әбілхарис». Бабалар сөзі. 7-том. 2004. 100 томдық).
Кеніштен илеп балшығын, Мүшкі зағыпыранмен сылады («Қисса Шеризат – Күлшат». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).
Миск ғанбари [ғинбар] – хош иісті.
Ол басқа миск ғанбари шашты дәрі, Мұны естіп ол қатын қылды зары («Қисса уақиға Кербала үшбу-дүр». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).
Миск ғинбар шығады түрлі нұры, Калиб патша қайран қалып тұрды мұны («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).
Топырағы күміс илән зағыпыран ерді, Шөптері миск ғинбар ислі ерді («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).