lat: MIYQ
зат.көне. Мұрт өсетін жер.
Миығына сұлу біткен сүйір мұрты батырды жұрттың көз алдына бір елестетті (М.Дүзенов, Әке.). Шалғы мұрттар миықтарына керіліп, көген көздер күлім қағып жатыр (А.Сатаев, Дала.). Үстінгі ерні жыбырлап, миығы шошаңдап тұр (Ж.Тілеков, Жоңғар.). Миығыма мұз тоңып, Бұрылмастай күн болды, Қапақалың қар жауып, Қайырылмастай күн болды. Жарқыраған жарық күн, Қараңғы түнек түн болды (Шалкиіз ақын, Шығ.).