lat: MODALY
сын. 1. Соңғы модамен тігілген, модаға лайық, сәнді.
Модалы пальто, велосипед, қалтаға салып жүретін ақша сияқты қымбат нәрселер керек (Семья тәрбиесі). Жазғы жаңа модалы, жеңіл көйлектер тіккізіп әкетіп жатқанын көріп, оқушылардың өнеріне сүйсіне қарадық («Қазақст. мұғ.)». Төрт пар модалы туфлиім бар (Т.Бердияров, Фарида).
2.ауыс. Жиі қолданыла бастаған, соңғы кездері көп айтылып жүрген .
Біріншіден, сыбайлас жемқорлық дейтін «модалы» сөзді желеу етіп, парақорлармен күресті бастап кеткеннен бері «бара бергенше, пара бер» дейтін өңін айналдырған екінші қағида қазығын қағып та үлгерген секілді («Парасат»).