МОДЕЛЬ

lat: MODEL

[лат. modulus] зат.тех.1. Өндіріске шығарылатын бір нәрсенің немесе конструкцияның үлгі өрнегі, маркасы .

Завод қазіргі кезде экспортқа «Лада» деген атпен шығатын «Жигули» жеңіл машинасының төрт моделін шығарды («Білім және еңбек»). Авиа, радио, кеме модельдері қойылған көрме ұйымдастырылды («Қазақст. мект.»).

2. Бір нәрсенің кішірейтілген немесе үлкейтілген нұсқасы, макеті.

Бірақ осылай жасалған модельден реленің сезімталдығын анықтауға болмайды (Физика).