Әлеуметтанушылар бұл терминге көптеген анықтама береді. Кейбір жағдайда, ол теория деген сөздің синонимі ретінде, тағы да бір жағдайларда теориядан гөрі жалпылау деңгейде абстрактілі ұғымдар жүйесіне сілтеме ретінде пайдаланылады. Ол, сондай-ақ, себептік модельдердегі сияқты статистикалық модельді қолданылады. Қандай анықтама берілсе де, модельдер оны зерттеуде эмпиризмнен аулақ болып, теориямен шұғылдануды талап етеді. Модельдер өзінің түп негізінде тұжырымдама мен түсініктеме құралы ретінде құбылыстарды жеңілірек ұғындыруға тырысады. Әлеуметтануда құрылымдық функционализм алғашқы екі мағынада модель болып табылады, өйткені ол түсіндірудің кең құрылымы (қоғам организм секілді деп пайымдайтын мегатеория) мен тұжырымдамалық топшылаулардың жиынтығын (қоғам бөліктері жалпының міндетін атқаруына қалай үлес қосатынын көрсететін теория) қамтамасыз етеді. Ұғымдар арасындағы қатынастар туралы гипотеза нақтыланып, ұғымдарды өлшеуге болатын тұста біз операциялық модель туралы айта аламыз. Бұл модельдер кейде диаграммалар түрінде көрсетіліп, математика терминдері арқылы неғұрлым ұтымды ұсынылуы мүмкін. Мысалы, регрессия немесе логлиния модельдері. Математикалық әлеуметтанудың маңызды жағы — модельді құрастыру — модельдерді диаграммалар тасқыны сатысынан бастап, математикалық бейнелеуге дейін жетілдіруге байланысты. Себеп-салдарлық модельдер кез келген түрде болуы мүмкін. Қандай анықтамаға ие болса да, модель-теориялық қызмет түрлері кешеніндегі құрал болып, назарымызды ұғымдарға немесе өзгерістерге және олардың өзара байланысына аударады.