lat: MODEM
[ағыл. modem] зат.инф. Стандартты телефон желісі арқылы компьютердің мәліметін жөнелтіп, қабылдайтын электрондық құрылғы.
Байланысты қамтамасыз ететін қондырғы – байланыс белгісін қабылдап-жібергіш, күшейткіш және модем1,2 ватты керек етеді («Зерде»). Қазіргі модемдердің мәліметтерді тасымалдау жылдамдығы 28800 бод немесе атқаратын мақсатына және құрылымдық өзгешелігіне орай одан да жоғары болады (ҚҰЭ).