МОДЕМ (MODEM)

lat: MODEM (MODEM)

түрлі байланыс тізбектері бойынша сигналдар жіберу не қабылдауға арналған, компьютерге жалғанатын сыртқы немесе ішкі қондырғы.

«Модулятор демодулятор» дегеннен қысқартылған, ол құрылғының жұмыс істеу қағидатын көрсетеді: компьютерден алынған сандық дабылды жіберу үшін аналогтық формаға айналдырады және керісінше қабылданған дабылды аналогтық формадан сандық формаға кері өзгертеді.