МОДЕРНИЗМ

lat: MODERNIZM

[франц. modernisme] зат.өнер. XX ғасырдағы әдебиет пен өнерде, мәдениетте қалыптасқан философиялық-эстетикалық қозғалыс. Модернизм қалыптасқан система ретінде 20-жылдардан бастап көріне бастады (Әдебиеттану термин.). Модернизм үлгілерінің қазақ әдебиетімен арадағы көркемдік байланыстары біздің әдебиеттануда жан-жақты зерттеле қойған жоқ («Парасат»). Модернизм реализмге қарсы қойылды. Бұл ретте модернизм болмысты бейнелеуге емес, өз шындығын көрсетуге ұмтылады (Мәдени филос. энц. сөзд.).Модернизмнің қалыптасу кезеңінде осы процеске емін-еркін кіріскен орыс әдебиеті кейін үлкен келеңсіздіктерге ұшырағаны мәлім («Қаз. әдеб.»).