МОДЕРНИЗМ

lat: MODERNIZM

(французша moderпе жаңа, қазіргі) буржуазиялық әлем дағдарысының және олардың қалыптастырған сана типін белгілеген 20 ғ. әдебиет пен өнердегі философиялық-эстетикалық қозғалыс. Денаденттік және авангардтық сатылардан өткен М., қалыптасқан система ретінде 20 жылдардан бастап көше бастады. М., негізгі филосо фиялық бастауы Ф. Ницшенің, А. Бергсонның, Э. Гуселердің идеялары, 3. Фрейдтің, К. Т. Юнгтың концепциялары, одан әрі М.Хайдеггердің экзистенциализмі болды. М, әдебиеттің негізі Ж. Джойс, Ф. Кафқа, В. Вулф, Г. Стайн, Г. С. Элиот, М. Пруст, Ж. П. Сартр, А. Камю, т.б.)қоғамдағы ықпалды тенденциялар мен тұлғаның рухани тәжірибесінің терең және қарсы тұру мүмкін еместей алшақтағаны деген сенім-пікірден тұрады. Қоғамнан, өмірден, қоршаған ортадан адамның күшпен алшақтануы, әрбір тұлғаның өмір сүруінің суынуы. Осы әлемнің абсурттығын өздерінің танымымен көре білуі т. т. саяды. Ірі модернист-жазушылар Кафка мен Джойс, белгілі жағдайда мистиқалық болғанмен де, 20 ғ. буржуазиялық қоғамның кейбір даму өзгешелік-ерекшеліктерін ашып берді. М., кейбір сыншыл реализм өкілдері У. Фолкнер, Э. Хемингуэй, Г. Гессе т.б. да әсері болғанын атап айтқан жөн. М., үшін адам өзі танып білмеген жауыздық күштің құрбаны, ол оның тағдырын қалыптастырады. Модернизмнің де 20ғ. динамикалық дамуының қайсы бір ақиқат жақтарын да аша білген экспрессионизм, футуризм, сюрреализм т.б. әдеби бағыттар секілді өз ерекшелігі бары бүгінде айқын. Ысмақова А.