lat: MOIYN /24/
зат . 1. Адамның, жан-жануарлардың басы мен кеудесін жалғастырып тұратын дене мүшесі.
Көзімжан бастықтың жалпақ жауырыны мен жұп-жуан мойынынан көзін алмайды (4,186).
Мойынды , бетті, құлақты Әзілдеп шіркей шымшылар.
Егіске келген бұлақты Жетелеп жүрді сушылар (2,305).
2. ауыс. Міндет, борыш .
Сені мен көрсем деймін, көрсем деймін,
Жазыпсың қартайдым деп, мен сенбеймін.
Мойнымда қарызым бар, берсем деймін,
Сонан соң өлсем, мейлі, көмсең мейлің (2,189).
Ол кісі әлі малда, жылдағы соғым сол кісінің мойнында (4,130).