МОЛ

lat: MOL

сын. 1. Аса көп, жетерлік .

Сарыарқаның сар белін кесіп ұштық, Сары желін бұрғыдай тесіп ұштық. Сарыарқадан кен байлық мол шығады, Отанның байлығы көп десіп ұштық.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Бұрынғылардың сүйектерінің асылдығы, ақылды болулары, адамгершіліктерінің, ізгілік істерінің мол болуы, күн сайын таңғы намазды орындап, таң шапағын қарсы алып, Алланың нұрына, шапағатына бөленуден болар. Қазыбек би, Бұқар жырау бабаларымыз ұзақ өмір сүрген ғой («Егемен Қазақстан»). Өнер түрі елде мол, өнім сыры жерде мол (Мақал). Осы күнде арамның жолдасы мол, Қу мен сұмды кім жиса, шын мықты сол. Мақтан, атақ іздесең адамнан без, Ардан күсіп, арамның біреуі бол.Құдайбердиев, Шығ.).

Аямай, аста-төк қылып.

Тыңайтқышты мол шашып, Терең етіп егуде, Еңбек сүйгіш ер, әйел, Ұлы-қыздарым, ерінбе.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Көктемде қыры толған Мәргия гүл, Жаныңа қасиетін мол құя біл. Ұшы мен қиырына көз жепейтін Ұштасқан тоқсан сегіз Бельгия бұл.Айбергенов, Мен саған.).

2. Таусылмайтын, аста-төк.

Мол қымызға жүдә зармыз, Қоры азайып келеді. Орыстардан сүт алармыз, Қымызды кім береді.Салықов, Жезкиік). 3. ауыс. Кең, үлкен .

Дәмелі мол көйлектің етегін басып-басып қойып ойға кетті.Жүнісов, Ақан сері).// Кеңінен, құлаштап. Жол тартсаң, бәлем, шалғы алып, Құлашыңды мол тастап. Отырса қарттар таңданып, Қыптары қанып қолпаштап.Мақатаев, Шығ.).

4. Толық, семіз.

Өмірдің сүйресін деп өрге көшін, Жалпақ жер беріп еді мол денесін. Өзендер беріп еді толқындарын, Дегендей жолда шөлдемесін.Мәуленов, Алыс кет.). Мені әбден сынамақ болған адамдай бас-аяғыма біраз шүйліге қарап алды да, мол денесімен үй жаққа бұрылды.Мұратбеков, Дос іздеп.).

5. ауыс. Жомарт, қолы кең.

Мол алақан, кең далалы көршіге, Қолқа салып, қолын созса ерсі ме? Оңтүстіктен бір отауды көтеріп, Бердік өзбек ағайынға еншіге.Мәуленов, Алыс кет.).

6. ауыс. Ауыр.

Қайран әкем... Неге-неге таңдады екен жолды бұл. Неге маған бөліспеді Иығындағы мол жүгін?.Шаханов, Ғасырлар.). 

Шебер, майталман.

Қадірлеп халқыма Еркелеген қонақпын. Қара сөзге олақпын; Ән мен жырға мол -ақпын.Әзірбаев, Таңд. шығ.)

Белшесінен.

Ханыша байбатшамен бір жатады, Қызыққа жатқан түні мол батады Таң атқан соң қайтуға ұят ойлап, Қалаға ағаш атпен тез қайтады. «Ей, сәулем, сағындырмай келіп тұр!» деп, Ханыша мойнын құшып сөз қатады.Найманбаев, Шығ.).