lat: MOL /35/
сын. 1. Аса көп, қыруар.
Көгерсін жер, көгерсін,
Мол ырысқа кенелсін.
Бейбітшілік жаршысы
Біз – ақ қанат көгершін
(2,271).
Жаным-ау, қайдан жүрсің, ақ шағала,
Келсең кел, бұл өлкені жат санама.
От-суы мол осынау байтақ алқап,
Сая болған батырға, патшаға да
(3,229). 2. Үлкен, ауқымды, көлемді; толық.
Қимылдаған сайын мол кеудесі дір-дір етеді
(4,177).
Сәл демігіп дем алған сайын мол кеудесі жұқалтаң кеудешесін көтеріп-көтеріп қояды (4,187).
3. үст. Кең, кеңінен, молынан; ұзақ .
Жол тартсаң, бәлем, шалғы алып,
Құлашыңды мол тастап.
Отырса қарттар таңданып,
Қыптары қанып қолпаштап
(2,311).
Сол кеткеннен мол кеттің, қарамадың,
Күн батты, қырға қарай жағаладым.
Жүріп келем қадалып жүрегіме,
Шұбар аттың емшекті тағалары (1,244).